06 сәуір 2023 0 1 2 3 4 5 Республикалық семинар Республикалық семинар 2023 жылдың 6 сәуір күні Шымкент қалалық білім бөлімі басқармасы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» бірлесіп, «Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» тақырыбында онлайн республикалық семинар өтті.Lesson Study–мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Семинардың мақсаты: Педагог тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған сабақты бірлесе жоспарлап, өткізу, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау және білім алушылардың әрекеттерін бақылап, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру. Бірлескен онлайн республикалық семинар екі бөліктен тұрды:Бірінші бөлім пленарлық онлайн ZOOM –мен онлайн режимінде өтті.Семинардың пленарлық кезеңіне республика бойынша Өрлеу БАҰО АҚ филиалдарынан халықаралық дәрежедегі тренер-аға оқытушылар және республикамыздың он төрт облысынан үздік практик- мұғалімдер қатысты. Мектебімізден директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.С.Сайфутдинова «LS-сабақты зерттеу: тәжірибе мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәсіл» тақырыбындағы баяндамасында зерттеу сабағының маңызын мектептегі тәжірибе нәтижесімен талдап көрсетсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.У.Файзуллина «Темы, этапы и роль исследоваия Lesson study» тақырыбындағы баяндамасында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша зерттеу сабағын дұрыс жоспарлау мен оны жүйелі өткізудегі тәжірибесімен бөлісті. Семинардың тәжірибелік кезеңі оффлайн форматта мектеп базасында өткізілді. Облыстың аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы саны 200-ге жуық тренерлер, мұғалімдер мен әдіскерлер қатысты. Мектеп директоры А.А.Маликова семинардың бағдарламасымен таныстырды. Практикалық зерттеу сабақтары кезең-кезеңімен циклдар бойынша өткізілді. «Lesson study» зерттеу сабағының 3-кезеңінде аталған мектептің физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ф.Р.Танагулова «Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы» тақырыбында сабақ өтіп, «Физика сабақтарында саралап оқыту тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білімін жан-жақты дамыту», орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Б.Талдахметова «К.Паустовский «Старый повар» тақырыбында сабақ өтіп, «Формирование навыков взаимообучения учащихся на уроках русского языка и литературы через приемы тандем» тақырыптарымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші А.С.Сейтмагамбетова «Жаңбырдың пайдасы. Ақ жауын» тақырыбында 3-сынып оқушыларына сабақ өтіп, «Рольдік ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы, математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Н.Е.Байтелиева «Функцияның өсу және кему белгілері» тақырыбында сабақ өтіп, «Цифрлық технологияларды қолдану арқылы математика сабағында ЖАДА қалыптастыру» зерттеу тақырыптары аясында «Lesson study» сабағының 1-кезеңін өткізді. Практик-мұғалімдер сабақтарға толық қатысып, оқу үдерісін бақылау парақшаларымен үш «бақылаудағы оқушыларды» бағалады. Бақылаған сабақтары бойынша әр сабаққа жан-жақты SWOТ талдаулар жасалды. Семинарға қатысушылар бүгінгі іс-шараның дер кезінде, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мұғалімдердің қажеттілігін өтеуде, сабақты зерттеу тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін жетілдіруде өте үлкен көмек болғанына ерекше ықыластарын білдірді. #Шымкентқалалықбілім_басқармасы@tazhieva_zh_a@murat_aitenov#Шымкентбалаларжылы