12
наурыз
2024
11.04.2022 жыл
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектебінде 09.04.2022 жыл күні оқушыларға тәрбиелік ықпалды қамтамасыз ету, білімге, тәрбиеге жауапкершілігін арттыру, ата-ана мен мектеп қатынасын нығайту мақсатында жалпы сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста төмендегі мәселелер қаралды.
1. ІІІ тоқсанның қорытындысы
2. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» баяндама
3. ББЖМ бойынша дайындық жұмыстары
4. Аттестация бойынша дайындық жұмыстары
5. Мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары
6. «Жеке бас гигиенасы» баяндама
7. Соңғы қоңырау бойынша атқарылатын жұмыстар
8. Әртүрлі мәселелер
Жиналыста күн тәртібіндегі мәселелер бойынша айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп талқыланды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ауысым бойынша жауапты орынбасарлар жауап беріп, кері байланыс жүргізілді. Мектеп психологтары ата-аналармен тренингтер жүргізді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02cPAB7UuD2H8vDzepiCJKqbgnBd89r9ad4uVvwXyHoH6ZYRffnHcCBtNdN6Rmt8M7l&id=100044521387676&sfnsn=wa&mibextid=6aamW6