15
наурыз
2024
21.05.2022 жыл
2022 жылдың 20 мамыр күні Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының «Балалар жылы-2022» аясындағы жоспарына сәйкес, Әдістемелік орталық және Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен мектеп парламенттері президенттері арасында «Интеллектуалды ұлт: ұшқыр ой мен өткір тіл» тақырыбында «Эрудит» интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 10 "ә" сынып оқушысы Ақжол Аян қатысып қайтты. Сайыстың мақсаты: балалардың білім сапасын тереңдету, шапшаңдыққа, жан-жақты болуға, білімді, сенімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Сайыста түрлі тақырыптарда интеллектуалды сұрақтар болды. Командалар өздерінің білімдерін жан-жақты көрсете білді. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Сайысқа белгілі блогер, "Ойдода" интеллектуалды ойынының авторы Олжас Мамыр, жайдарманшы Бағдаулет Сейітжаппар, Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері төрелік етті.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
https://www.facebook.com/share/p/TKjohp2Ji9WYqTeo/?mibextid=xfxF2i