05
наурыз
2024
21.12.2023 жыл

2023 жылғы 20 желтоқсан күні «Көрме» орталығында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Салтанатты жиынға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп парламент мүшелері, «Жас ұлан» ұйымының рәміздік тобы қатысты. Мерекелік жиында сөз алған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева оқушыларға жылы лебізін білдірді.–Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – қала мектептерінің оқу озаттары және түрлі деңгейдегі байқау, жарыстардың жеңімпаздарын республикалық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Бүгінгі жиынға 300-дей оқушы қатысып отыр. Олар – қаламыздағы мектептердің оқу озаттары. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан сапалы да білімді ұрпақ қалыптастыру тек мұғалімнің ғана емес, қоғамның алдындағы үлкен міндет деп білеміз. Шымкент қаласы – елімізде білім сапасы жағынан алдыңғы орынан көрініп келеді. Озаттарымыз көбейе берсін, – деді Н.Шәмшиева.
Мұнан кейін ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі өтіп, оқушылар концерттік бағдарламасын ұсынды.
Өткізілген іс-шараға N86 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары Ербол Ерқанат, Ынтымақ Еңлік қатысып, Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" ұйымына қабылданды.