05
наурыз
2024
13.12.2021 жыл
№86 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық және «Жас ұлан» ұйымының 10 жылдық мерейтойы аясында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны өткізілді.Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. 5 сынып оқушылары Тәуелсіздік пен Жас ұлан ұйымына арнап өлең шумақтарын оқып, 5"В" сыныбының оқушысы Жолдасбекова Адэма ортаға шығып АНТ қабылдады. Директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Оспанова Мадина Байдуллаевна және Момбаева Жазира Сейтхановна оқушыларды құттықтап, алдағы уақытта да белсенділік танытып, оқуда озат болуға шақырды. Оқушыларға төсбелгілер мен галстуктер табысталды.